Приветствую Вас, Гость

Жаратылыстану әдістемелік  комиссиясы

Жаратылыстану әдістемелік комиссиясында жоғары санатты -2, бірінші санатты – 2, екінші санатты – 2, санаты жоқ – 2, барлығы 8 мұғалім «Білім беру технологияларын тиімді қолдана отырып, шығармашылық қабілеті мен  қызығушылығы жоғары, шыңдалған субъект қалыптастыру» тақырыбымен жұмыс істейді. 

Комиссия мұғалімдері «Сындарлы оқыту»,  Ж. Қараевтың «Үш өлшемді әдістемелік жүйесі», «Модульдік оқыту»,«Жобалау» технологиясын  қолданады.

Әдістемелік комиссия мұғалімдері бірнеше облыстық семинарларға, ғылыми практикалық конференцияларға қатыса отырып, өз іс-тәжірибелерін таратып келеді. География пән мұғалімі Ж.Т. Қисанова мен жас маман, биология пән мұғалімі А.К.Сагатбековалардың жаңашылдықпен, шығармашылықпен жұмыс істеуге деген ұмтылыстары ерекше. Қисанова Ж.Т. география және қазақ тілі, Сагатбекова А.К. биология және өзін-өзі тану пәндерімен бірге кіріктірілген, «lesson Study» тәсілі бойынша ашық сабақтар беріп, іс-тәжірибелерін таратты, өздерінің шеберліктерін шыңдап, көптеген іс-шаралар өткізуге қатысты:

   

 

Мұғаліматы-жөні

Өтілген шара

Деңгейі

Тақырыбы

Нәтижесі

 

 

 

 

Кисанова Ж.Т.

Ғылыми-тәжірибелік конференция

мемлекетаралық

Баяндама «Білім беру мекемелерінің жұмыс тәжірибесінде ақпараттық қорларды пайдаланудың тиімділігі»

Үздік баяндамасы үшін-мадақтама, жинаққа шықты

Экологиялық білім беру және ағарту жүйесіндегі аймақтық компонент – 2016

 

облыс

Автокөліктің атмосфералық ауаға тигізетін әсерін зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру

Үздік баяндамасы үшін – алғыс хат

Педоқу

қалалық

Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттырудағы белсенді әдіс-тәсілдердің тиімділігі

Іс-тәжірибесі таратылды

КИО қашықтық олимпиадасы

республикалық

 

Сертификат

«lesson Study» тәсілі бойынша 2 сабақ -география және қазақ тілімен бірге

мектепішілік

«Астана-Қазақстан Республикасының астанасы», «Оңтүстік Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайы, табиғат жағдайлары»

Іс-тәжірибесі таратылды

 

 

 

Сагатбекова А.К.

Онлайн-сабақ

республикалық

ҰБТ – тестілеуге биология пәнінен дайындау

Іс-тәжірибесі таратылды

Мектеп директорлары семинары

қалалық

ҰБТ-ға дайындауда АКТ-ны тиімді пайдалану

Шебер-класс өткізді

Қашықтық олимпиадасы

халықаралық

Оқушыларды олимпиадаға дайындағаны үшін

Куәлік, алғыс хат

КИО-қашықтық олимпиадасы

республикалық

 

Сертификат

Интернет-сайт – «Копилка уроков»

республикалық

Авторлық материал «Есту мүшесі – есту анализаторлары» сабақ жоспары

Жарияланды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

Химия пән мұғалімі М.Ж.Охинаның «Химия есептерін шығару тәсілдері» және «Химия – өмір өзегі» атты авторлық бағдарламалары қала мектептері мұғалімдерінің жұмысында қолданыс табуда. «Химия сабағында экологиялық білім мен тәрбие беру жолдары» тақырыбындағы баяндамасы жинаққа енгізіліп,  «Деңгейлік тапсырмалар – химия сабақтарында» тақырыбындағы мақаласы республикалық «Химия мектепте» журналында жарық көрді.

Қарбалас жұмыс, қауырт істен бас алмай жүру биология пән мұғалімі А.М.Булашбаеваға тән қасиет. Осы оқу жылының басында өткен пәндік онкүндікте ол берген «Тамыр жүйесі» тақырыбындағы ашық сабақ, сыныптан тыс ұйымдастырылған шаралары оқыту мен оқу тәжірибесіне жаңа тәсілдерді қолданудың үлгісі бола білген сабақтар болды. А.М.Булашбаева «Жасыл ел» бағдарламасын іске асырып, мектеп ауласын гүлдендіруде оқушылардың еңбек тоқсанын шығармашылықпен ұйымдастыруда жоғары ізденіс көрсеткен мұғалімдердің бірі.

Әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы түрлендіре , оқушылардың қызығушылығын туғыза отырып сабақ жүргізу география пән мұғалімі М.М.Буралхиеваның «Үнді, Тынық мұхитының сыры мен сұлулығы» тақырыбындағы кіріктірілген сабағы мен «Географиялық кафе» сайысы түрінде өткізілген сыныптан тыс шарасынан айқын көрініс тауып отыр.

Биылғы оқу жылында «Жаратылыстану» білім беру саласының құрамына физика пәні кіріп отыр. Оқу жылы басында өткен пәндік онкүндікте физика пән мұғалімі З.К.Кадирова «Отын энергиясы» тақырыбында ашық сабақ, физикадан есеп шығарудан марафон шарасын өткізді. Мұғалім қабілетті оқушылардың интеллектісін көтеру, пәнге деген  қызығушылығын арттыру, өзін-өзі дамытуға талпыныс жасату, табысқа жетуге  құмарту, шығармашылықпен жұмыс   жасауға баулу сияқты қасиеттерді дамытуға бағытталған жұмыстарды шеберлікпен қолданып, оқушылардың білімге ынтасы мен қызығушылығын арттырды. Жас маман М.О.Турдыбекова физикадан «Дененің өзара әсерлесуі. Дене массасы» тақырыбында ашық сабақ, «Физика айналамда» атты білім сайысын қоғамның талабына сай жаңа педагогикалық технологияларды тиімді қолдана отырып өткізді.

  

ӘК мұғалімдері дарынды оқушылармен жұмысты өз деңгейінде атқарып келеді, әсіресе география, биология пәндерінен жақсы нәтиже көрсетуде:

Сайыстың  атауы

Қатысқан оқушы

сыныбы

нәтиже

Дайындаған пән мұғалімі

 

 

 

 

1

География-қалалықпәнолимпиадасы

 

Алтынбек Б.

9 А

 

3-орын

 

 

 

 

 

Кисанова Ж.Т.

 

«Мәңгілік ел – болашағымыздың бағдары» атты облыстық оқушылардың экологиялық – биологиялық ҒПК

Фазылханов Д.

8 Б

1-орын

География – КИО республикалық қашықтық олимпиадасы

Әбенова Ж. Досанова М. Төлеубеков Т. Хамитов Б. Калибекова А. Фазылханов Д.

10 Б

10 Б

9 А

8 Б

 

Сертификат

2

Биология – республикалық пән олимпиадасы

Ниғымадилова Перизат

7 А

3-орын

Булашбаева А.М.

 

 

 

 

 

3

Биология – халықаралық қашықтық олимпиадасы

Ракишева Г.

Мукаметханова А.

11 Б

11 Б

2-орын

2-орын

 

 

 

 

 

Сагатбекова А.К.

 

 

 

 

 

Биология – республикалық қашықтық олимпиадасы

Жумашева А.

8 А

Сертификат

«Жас биологтар»-өңірлік олимпиада

Ниязбекова Т. Алтынбек Б. Досанова М. Нарзильдаева Ж. Хамитов Б.

8 Б

9 А

10 Б

Сертификат

Биология-«Сәлеметсіңдер ме, құстар!» қалалық экологиялық-орнитологиялықакциясы

Оралбекова М. Қызырханова Г. Ниязбекова Т.

 

    8 Б

 

Сертификат

Биология – «Құстарғакөмектесейік» атты қалалық экологиялық-орнитологиялық акциясы

Оралбекова М. Қызырханова Г. Ниязбекова Т.

 

8 Б

 

Сертификат

«Фитодизайн-2015» - қалалық фитодизайнер-экологтар фестивалі

 

 

Сертификат

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаратылыстану әдістемелік комиссия мұғалімдері ұстаздық мамандықтың қат-қабат қиындықтары мен қызықтарын өз бастарынан өткере отырып, келешек ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде басқа да көптеген жетістіктерге қол жеткізуде және ол еңбектері әртүрлі деңгейдегі марапаттаулармен бағаланып келеді.