Приветствую Вас, Гость

   

 

    Мектеп кітапханасының меңгерушісі  

    Дюзкенева Бақыт Жансейітқызы.

 

 

 

 

        Мектеп кітапханасының жұмысы мекеменің жұмыс жоспарына сай жүргізіледі. Жыл сайын мектеп кітапханасының қоры жаңа оқулықтар, әдеби кітаптар, әдістемелік әдебиеттер, дидактикалар, хрестоматиялар және тағы басқа көмекші материалдармен толықтырылып отырылады. Жалпы кітапхананың кітап қоры мынандай негізгі бөлімдерді құрайды: көркем әдебиет және әмбебап құрылымды қоғамдық-тарихи, жаратылыстану ғылымы бойынша, техника, дене шынықтыру және спорт, мәдениет, әдебиеттану, әдістемелік әдебиет. Кітап қоры үнемі жаңарып отырады. Мектеп кітапханасының негізгі қоры 11236 дана. Оның 2128 данасы қазақ тіліндегі әдебиет. Сандардың алшақтығын №45 мектептің негізгі кітап қоры орыс мектебінен ауыстырылғандығымен түсіндіруге болады. Мектеп кітапханасы өте бай. Кітапханадағы оқулықтар саны 17640 дананы құрайды. Оқулықтар фондтың айналымы бойынша әр 4 жылда ауыстырылып отырады. Мектеп кітапханасында әрбір атаулы күндерге, мерекелерге және ақын-жазушылардың, ұлы тұлғалардың мерей тойларына арналған тақырыптық іс-шаралар, шолулар, кездесулер өткізіліп, әртүрлі тақырыптағы слайд, презентациялар көрсетіліп отырылады.

      

        Мектеп оқушылары оқулықпен 100% қамтылған. Мектеп кітапханасы жылма-жыл мерзімді басылымдарға жазылып отырады. 2013-2014 жылы мерзімді басылым 53 дананы құраса, 2014-2015 жылы - 72 дананы құрайды. Оның 17 данасы балаларға арналған басылымдар, 35 данасы әдістемелік басылымдар, 7 данасы басқа басылымдар, 13 газеттер. Мектеп кітапханасының ауданы 109 шаршы метрді құрайды, кітапхананың қызмет көрсету бөлімі және оқу залы, оқулық сақтайтын қоймасы, жалпы кітап қорын сақтайтын бөлмесі бар. Оқу залы 20 орынға есептелген. Кітапханада әріптік және жүйелі каталог, тақырыптық картотекалар бар. Мектептің 1-11 сынып оқушылары кітапханаға толық тартылған.

       Мектеп кітапханасында мұғалімдер мен оқушылардың ыңғайлы жұмыс жасауы үшін жайлы жағдай жасалған. Мектеп кітапханасы жаңа заман талабына сай техникамен жабдықталған. Кітапханада 6 ноутбук, принтер - көшірме және 6 компьютер бар. Барлық техника интернет жүйесіне қосылған.