Приветствую Вас, Гость

          Мектеп директоры, жоғары санатты физика және технология пәні мұғалімі. Еңбек өтілі 36 жыл, соның ішінде 17 жыл мектеп директоры.  Саналы өмірін еліміздің өркендеуіне, кемел келешегіне, жас ұрпақтың бәсекеге қабілетті Отан сүйгіш азамат болып өсуіне арнап келе жатқан бірегей басшы, білікті маман, педагогикалық менеджмент ұстанымдарын жақсы меңгерген шаруашыл, алғыр тұлға. Білім саласына өзіндік үлесін қосқан ұлағатты ұстаз. 2005 жылы Республикалық ғылыми-практикалық конференцияда «Ұлт мектептерінің білім сапасын арттырудағы проблемалар және оларды шешу жолдары», 2006 жылы халықаралық конференцияда «Қазақстан қоғамының рухани өмірінің социологиясы» тықырыптарында баяндама жасап іс-тәжірибе бөлісті. СОРОС – Қазақстан қоры ұйымдастырған «Білім берудегі теңдік және барлығына бірдей білім беру мүмкіндігі» тақырыбы семинарында өзекті мәселені шешуге ат салысты. Талантты басшы 2000-2015 жылдар аралығында Өскемен қаласында 2 бірдей қазақ мектебін (№1, №45) жаңадан құрап, аяғынан тік тұрғызды. Бүгінгі күні 2 мектеп те қаланың алдыңғы қатарлы озық жаңа оқыту технологиялармен қаруланған   мектептердің бірі. ҰБТ көрсеткіштері де жыл сайын артып келеді. Өткен оқу жылының қорытындысы бойынша ҰБТ-ның орташа балы 85,9 болып, екі мектеп түлегі "Алтын белгі" иегері болды. Жыл сайын мектептің материалдық-техникалық базасы да нығайып отыр. Боксер рингісі бар спорт залдың, «В» категориялы жүргізуші дайындайтын лицензиялы автосыныптардың ашылуы -  оқушылар мен ата-аналардың шексіз ризашылығына ие болуда. Мектеп басшысының шығармашылық ізденісі, демократиялық көзқарасы, тұлғалық сапалық қасиеттері әріптестері, ата-аналар тарапынан жоғары бағаланып отыр. Халықаралық Кембдридж оқыту технологиясын меңгеру мақсатында Астана қаласында "Педагогикалық шеберлік орталығы" ұйымдастырған мектеп басшыларына арналған арнайы 9 айлық курсты оқып шықты. Оралхан Рахымжанұлы 2004 жылы Астанада өткен Білім және Ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезі делегаты, Білім және Ғылым министрлігің құрмет грамотасының, Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатының, «Астанаға 10 жыл», «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 20 жыл», «ҚР маслихатына 20 жыл»  медальдарымен және "Құрмет" орденінің иегері. 2008 жылы қалалық «Жыл директоры» сайысында бас жүлде, «Үздік мектеп директоры - 2010»  облыстық сайыста ІІ орын жеңімпазы. 2011 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың президенттік таққа отыру иннаугарациясына қатысушы өкілдерінің бірі. Өскемен қаласы маслихатының депутаты. Шығыстың біртуар азаматы, педагог, басшы Оралхан Рахымжанұлы «Ел болашағы – сендердің болашағың» деген ұлағатты сөздерімен, мектеп шәкірттерін биік шыңға жетелеп, қанат қақтырып келеді.