Приветствую Вас, Гость

Қазақ тілі мен әдебиеті және тарих пәндері  әдістемелік комиссиясы

Әдістемелік комиссия құрамында 9 адам бар.  3 мұғалім жоғары санатты, 2  мұғалім І санатты, 3 мұғалім – ІІ санатты, 1 мұғалім санатсыз жас маман.Кестеде мұғалімдер туралы мәлімет берілген

р/с

Мұғалімнің аты-жөні

Туған жылы

Бітірген

оқу орны

Біліктілік санаты

мамандығы

Пед.

өтілі

Аттестац.

өткен жылы

Курстан

өткен

жылдары

1.

Нұржанова

Гүлжанат

Қасымхановна

 

10.01.60

 

СПИ

жоғары

Қазақ тілі мен әдебиеті

31

2010

ШҚО БАИ

2010

2.

Мадиева Сауле

Советқызы

 

01.01.66

Өскемен

пед.инс.

ШГИ

I

Қазақ тілі мен әдебиеті

23

2009

АО «Өрлеу»

2012

3.

Раисова Назым

Мансұрқызы

 

30.01.81

 

ШҚПИ

ШГУ

II

Қазақ тілі мен әдебиеті

10

2009

ШҚО БАИ

2011, 2012

4.

Уркунчинова Назгүл Маркленовна

25.12.76

ШҚМУ

1999

I

Қазақ тілі мен әдебиеті

9

2012

ШҚО БАИ

2012

5.

Аманбаева

Айгерім

Мұратовна

 

23.11.84

ШҚГК

ШҚМУ

II

Қазақ тілі мен әдебиеті

7

2007

ШҚО БАИ

2011

 

6.

Шабалова Нурия Ибраимовна

1964.08.06

Өск.педин

Шәкәрім уни.Семей

жоғары

Қазақ тілі мен әдебиеті

29

2013

АО «Өрлеу»

2012

7.

Шаймарданова

Гаухар

Сайлаухановна

1960.02.01

Өскемен

пед.инс.

1985

жоғары

Тарих пәні мұғалімі

30

2010

АО «Өрлеу»

2013

8.

Жапарханова Динара

06.07.90

ШҚМУ

1997

ІІ санат

Тарих пәні мұғалімі

2

2014

АО «Өрлеу»

2015

9.

Октябрь Биназар Бейбітұлы

1992.23.10

ШҚМУ

2014

санатсыз

Тарих пәні мұғалімі

0

 

 

ӘК-ның өзекті тақырыбы: «Білім берудегі инновациялық технология мүмкіндіктерін пайдалана отырып, қоғамдық-гуманитарлық пәндерді оқытуда оқушылардың субъектілік көзқарасын дамыту».

Дарынды оқушылармен жұмыс бойынша:

Жаһандану заманында ұлттық бәсекеге қабілетті болудың көрсеткіші білім деңгейімен өлшенеді. Оқу-тәрбие жұмысындағы жаңашылдық іс-әрекетіміз, кәсіби шеберлігімізді шыңдауымыз оқушылардың шығармашылық ізденісін дамытуда өз жемісін беріп келеді. Оған біздің оқушыларымыздың қалалық пән олимпиадаларында,  әр түрлі оқуларда,  сайыстарда жүлделі орындарға ие болып жүруі дәлел.

9б сынып оқушысы Ниязбекова Томирис 2015-16 оқу жылы бойынша қалалық  Абай оқуларының 3-орын жеңімпазы, оқушылардың шығармашылық сарайында өткен Абай өлеңін мәнерлеп оқудың Бас жүлде иегері болса, 2016-17 оқу жылында Абай оқуларының 1-орын жеңімпазы. Пән мұғалімі- Мадыева С. С.

Қалалық  Ахмет оқулары байқауының 2-орын жеңімпаздары.

Пән мұғалімі- Уркунчинова Н.М.  Қалалық Қайрат оқуларынан 9в сынып оқушысы Бақытжан Ерасыл 1-орын иеленді. Пән мұғалімі- Мадыева С. С.Әдістемелік бірлестікте қалалық екі семинар өтті. Олар: 1. «ТЭЖ қалыптастырушы кезеңіндегі пән бірлестігінің жұмысы»; 2. «Оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын дамыту» деп аталды.  

                    Білім берудің озық әдіс-тәсілдерімен бөліскен жоғары шығармашылықта өткен бұл семинарлар қала мұғалімдері тарапынан оң бағасын алды.

Бірлестік мұғалімдері қоғамның талабына сай жаңа педагогикалық технологияларды сабақтарында шеберлікпен қолданып, оқушылардың білімге ынтасы мен қызығушылығын арттыру жолында үлкен жауапкершілікпен еңбек етуде.  Оның дәлелі, пән апталықтарында өтетін ашық сабақтар, сыныптан тыс шаралар мектеп әкімшілігі тарапынан үнемі жоғары бағалануда.

Жоғары санатты тарих пәні мұғалімі Шаймарданова Г.С.                                                    қазақ тілі пәні мұғалімі Аманбаева А.М.

сабағынан көрініс                                                       сабағынан көрініс

    Алты  авторлық бағдарлама қалалық сараптама кеңесінде бекітілді. Олар: «Әдебиеттен 11-сыныпқа арналған тестілер жинағы», «Шешендік өнерді оқытудың жолдары» -құрастырған Нұржанова Г.Қ. «Жерлес жазушылар шығармаларын сыныптан тыс оқыту» бағдарламасы (5-9 сыныптарға арналған) – құрастырған Мадиева С.С. «Назарбаевтану» вариативтік курс бағдарламасы -  құрастырған тарих пәні мұғалімі Шаймарданова Г.С. «Қазақ тілі пәнінен жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған тест тапсырмалары мен жауаптары», «Жыраулар поэзиясы» құрастырған Халелова А.О.

  Біліктілік деңгейін арттыру бойынша төрт мұғалім ҚР педагог кадрларының біліктілігін арттырудың үш айлық деңгейлік курстарынан өткен, олар: бірінші (ілгері) деңгей бойынша  Н.И. Шабалова, үшінші (базалық) деңгей бойынша

Н.М. Раисова, А.О. Халелова  және Н.М. Уркинчинова.

   Шабалова Нүрия Ибраимқызы, жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, 2014-15 оқу жылында  қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен деңгейлік курсты бітірген мұғалімдердің арасында өткізілген «Табысты оқыту, құзырлы мұғалім» атты байқауға қатысып, жүлделі 1-орынды жеңіп алды. ШҚО білім басқармасы «Шығыс»өңірлік орталығының, «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ҰБТ-ға даярлауда оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» және  ҚББ-нің, ШҚ «Өрлеу»ПҚ БАИ-дың ұйымдастыруымен өткізілген бірнеше облыстық,қалалық  семинарларда 10,11-  сыныптармен «Этнолингвистика және Мәшһүр Жүсіп  шығармашылығы»,«Ақбілек романы – ұлт тағдыры»сияқты ашық сабақтар өткізіп, тәжірибесі таратылды. 2015 жылы Өскемен қаласы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

                      Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нұржанова Гүлжанат Қасымханқызы “Қазақ тілі және жалпы түркілік кеңістік: жетістіктері мен болашағы” атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференцияға қашықтан қатысып,  «Қазақ тілі пәнін оқытудың озық технологиялары» атты баяндамасы жарық көрді. Сондай-ақ,  2013 жылы Г.Қ. Нұржанованың тәжірибесі Шығыс Қазақстан облысы мұғалімдерінің Даңқ кітабына енгізілді.

     Тарих пәні мұғалімі Г.С. Шаймарданованың 2014-2015 оқу жылында құқықтық тәрбие бойынша іс-тәжірибесі таратылды.

Мадиева С.С. «Әдістемелік комиссия -2014» кәсіби сайысына  қатысып «Құзыретті басшы» номинациясын иеленді. 2013 жылы  облыстық педагогикалық оқуға қатысып, «Білім беру үрдісін модернизациялауда  жаңа технологиялардың маңызы» атты баяндамасы жинаққа енді. 2015 жылы «Өрлеу» АҚ ШҚО БАИ-да өткен облыстық «Функционалдық сауаттылықты жүзеге асыру жолдары» атты конференцияға баяндамасымен қатысты. 2016 жылы «Кәсіби шеберлікті дамыту-инновациялық үрдісті игеру» атты мақаласы  облысқа таратылды.

А.М.Аманбаева қалалық «Жыл педагог-ұйымдастырушысы- 2015» атты кәсіби сайысқа қатысып, 1-орынды иеленді.

Жаңашылдыққа талпыну, іздену арқылы басты мәселелерді жете біліп, зерттеу, жинақтау, оны насихаттау, іске асыру– оқу мен тәрбие жұмыстарын онан әрі жақсарта берудің сарқылмас көзі. Бұл жұмысқа мұғалім қауымы белсенділікпен қатысып, зор үлес қосуы тиіс. Сонда алынбайтын асу, бағынбайтын белес болмайды.