Приветствую Вас, Гость

№45 бейімделген орта мектебінің бастауыш сынып әдістемелік комиссиясының

жұмысына жылдық талдауы

Әдістемелік комиссия төмендегідей құжаттарды басшылыққа ала отырып жұмыс жасады:

ҚР Білім туралы заңы 27.07.2007ж.

2015 жылға дейінгі Білім берудің даму  концепциясы;

Қазақстан 2050 даму стратегиясы;

2011-2020 ҚР білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы.

     5 . 2015-2016 ж  Әдістемелік    нұсқаулықхат

ӘК құрамына барлығы -22 мұғалім бар.Жоғары санатты-3, бірінші санатты-3,екінші санатты-7, санаты жоқ-8.

Деңгейлік курстан өткендер-4 мұғалім.

2015-2016 оқу жылына құрылған жоспарда алдымызға төмендегідей мақсат міндеттер қойған болатынбыз. Оны жүзеге асыруда көптеген жұмыстар атқарылды.

ӘК өзекті тақырыбы:«Білім берудегі инновациялық технология мүмкіндіктерін пайдалана отырып, бастауыш сынып оқушыларының субьект болып қалыптасуына бағыттап жұмыс жүргізу»

Мақсаты:

*    Жаңа іс - әрекеттерді анықтап, оны теориялық және практикалық жағынан ұқыпты түрде дайындап алу.

*    Әрбір пән үшін іскерлік пен дағдының тиімді көлемін анықтау .

*    Өз жұмыс орнында және бүкіл техникалық тізбекте технологиялардың үздіксізөзгерістеріне бейімделе алатын орындаушының тұлғасын қалыптастыру. Қазіргі дидактикалық мүмкіндіктерді,жаңа идеяларды және білім беру технологияларын пайдалануға жұмыс жасау. Жаңа технологияны енгізу – жетістікке жетудің бірден-бір жолы .

*    Ең төменгі білім деңгейін анықтап, оны қалыптастыру ісін жүзеге асыру және осыған байланысты орта білім стандартының талаптарын мүлтіксіз, жүзеге асыру үшін жұмыс жасау

Міндеті:

*    Баршаға бірдей сапалы білімге қол жеткізу,  үздік білім беру ресурстары мен технологияларына қол жеткізу, коммуникативтік және кәсіптік құзыреттілікті дамыту мақсатында облыстық деңгейдегі  эксперименттік алаңдармен жұмыс жасау.

*    Дарынды балалармен мақсатқа бағытталған жұмысты жүйелі түрде жалғастыру.

*    Мұғалімнің педагогикалық шеберлігін қамтамасыз ететін әдістемелік қызмет моделін жетілдіру. Деңгейлік курстан өткен мұғалімдердің іс-тәжірибесімен тәжірибе алмасу.         

*    Авторлық бағдарламалар, курстар, құралдар жасауды жалғастыру.

 

ӘК мүшелеріні сабақ процесінде жаңа технологиялардың ерекшеліктерін оқып үйреніп, тиімді пайдалану жолында мұғалімдердің кәсіптік шеберлігін арттыруға көңіл бөлініп қадағаланылып отырады.Сабақ тиімділігімен, білім сапасын көтеруге бағытталған іс-тәжірибе алмасу, әдістемелік отырыстарға, коучингтарға  белсенділікпен қатысады.Жас ұстаздарға тәлімгерлер бөлініп берілген.

Әдістемелік комиссияда:

20 жылдан көп жұмыс істейтін ұстаздар– 33 %

Жоғары және бірінші санатты ұстаздар –  29%

Жалпы бірлестіктің орта жас есебі- (35-36 лет);

Яғни, ұжым алдарына қойған мақсатты сеніммен атқара алады.

2015-2016оқу жылындағы іс-тәжірибе алмасу

Бастауыш ӘК комиссисының ұйымдастыруымен қалалық«Сабақ-мұғалімнің шығармашылығы» аттысеминар-практикум ұйымдастырылды.

А.А Канапина осы тақырыпта коучинг,  Г.Н Рамазанова сабақ көрсетті.

 

Капашева  Айнур Кабидолдиновна, Рамазанова Гульназий Наймангазыновна, Байрова Кымбат Ерболатовна.

«Шығысым-шырайлы мекенім» тақырыбымен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған аймақтанудан оқу құралы жасалды. Қазіргі уақытта 1-4 сынып оқушылары қолданып отыр.

Мұғалімдердің біліктілігі оқушылардың білім сапасының көрсеткішінен байқауға болады.

2015-2016 оқу жылындағы олимпиада, ғылыми жоба қорытындысы.

(қала, облыс)

Атауы

деңгейі

қатысқаны

орны

Айналайын

облыс

88 оқушы

27 оқушы -2орын,

42 оқушы 3-орын

Малахит

облыс

146 оқушы

5 оқушы-1 орын,

1 оқушы-2орын, 45оқушы -3 орын

Ақ бота

республика

55 оқушы

 

Асыл тас

облыс

78 оқушы

4 оқушы -2орын,

31 оқушы 3-орын, 

Тұлпар

облыс

48 оқушы

4- оқушы 3-орын

ПОНИ

халықаралық

179 оқушы

 

Ребус

халықаралық

20 оқушы

 

4-сыныптар

қалалық

 

 

Бастауыш сыныптар

қалалық

12 оқушы

4-оқушы-2 орын, 3оқушы-1 орын, 1оқушы 3-орын

Бастауыш сыныптар(ВКГУ)

қалалық

 

1-оқушы-1орын, 1оқушы -3орын

 

Қорытынды: 2015-2016 оқу жылында олимпиадаға оқушылар жақсы тартылды. Олимпиадаға қатысу оқушылардың функциналдық сауатын ашуға үлкен жол ашады.Өйткені оқушы өзінің алған білімін қолдануға тырысады.

2015-2016 оқу жылында мектепішілік рейтинг бойынша әдістемелік комиссиялар арасында «Бас жүлде», мұғалімдер арасында Рамазанова ГульназийНаймангазыновна «Бас жүлде»иеленді.

2016-2017 оқу жылының екінші жарты жылдығында 1-4сыныпты  391 оқушы аяқтады. Оның 200-і ұл, 191-і қыз.

2016-2017 оқу жылының бірінші жарты жылдығында бастауыш сыныптың онкүндігі өтті.

Тақырыбы:  Білім басы бастауышта қаланар, біліммен әлемге жол салынар.

Мақсаты:Алған білімді  өмірдегі  қажеттілікке  айналдыруға, қолдана білуге  үйрететін  ең жаңа оқыту технологияларына  және құралдарына  негізделген тәжірибелік сабақтар өткізу.

Барлығы 20 ашық сабақ өткізілді.Онкүндіктің мақсатына сай ұстаздар жаңа технологияларды қолданды, оның ішінде үш кіріктірілген сабақ өтті.Канапина А.А сауат ашу+ орыс тілі+ қол өнер пәндерімен, Алпысбаева А.Е өзін тану +математика, Дусупова С.С математика+музыка пәндерін кіріктірд

  

Сонымен қатар «Олимпиада- нағыз лайықтылардың алар биігі» атты пәндік олимпиада өтті.

Мақсаты: Қабілетті оқушылардың интеллектісін көтеру, пәнге деген  қызығушылығын арттыру, өзін-өзі дамытуға талпыныс жасату, табысқа жетуге  құмарту, шығармашылықпен жұмыс   жасауға баулу.

Облыстық  «Айналайын», «Асыл тас», «Ақбота олимпиадаларына  оқушылар қатысты.  «Айналайын» олимпиадасынан 29-оқушы 2-орын, 14оқушы 3-орын алды.