Приветствую Вас, Гость

 

2013 -14 оқу жылындағы әдістемелік жұмыстардың  нәтижелері

Озық іс-тәжірибе тарату жұмыстарының іске асырылуы:

16 қыркүйек, 2013ж . «Инновациялық технологиялар арқылы химия,биология пәндерін оқытуда білім сапасын арттыру» тақырыбында Облыстық семинар өтті. Семинар барысында «Химиялық элементтер» тақырыбында (8б ) химия пәнінен ашық сабақ  Охина М.Ж , «Білім сапасын арттырудағы жобалау технологиясының орны»  шеберлік сыныбын  биология пәнінің мұғалімі  Кенжебаева А.Т, «Кэмбридж бағдарламасы талаптарына сай жұмысты ұйымдастыру» практикумды география пәні мұғалімі  Бактыбаева Ж.К іс-тәжірибелерін таратты. 27 қыркүйек 2013ж  «Биология сабақтарында инновациялық педагогикалық және ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолданудың маңызы» тақырыбында  Облыстық  семинар өтті.Семинарда  «Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастырудағы мұғалім құзыреттілігі» шеберлік сыныбын  Кенжебаева А.Т,  «Тамыр және оның түрлері» тақырыбында биологиядан  ашық сабақ Дабинова А.Т ( 6а ), «Экология- еліміздің соғып тұрған жүрегі» сыныптан тыс шара Бактыбаева Ж.К  (8б ) облыс мектептерінің мұғалімдеріне ұсынды. Семинар облыстық «Өрлеу»  БАҰО АҚ педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтынының әдіскері Г.Идришова және облыс мұғалімдері тарапынан жоғары бағаланды. 22 қаңтар 2014ж.Іс-тәжірбие тарату, жас мұғалімдерге көмек көрсету мақсатында «Еңбекке баулу пәнін оқытудың ерекшелігі және бала болашағына әсері» қалалық семинар өткізілді.Онда бастауыш сыныптың  жоғары және бірінші санатты мұғалімдері Турысбекова Ғ.З «Еңбекке баулу пәнін оқытудың ерекшелігі және бала болашағына әсері» баяндама жасап, «Әр түрлі материалдармен жұмыс» тақырыбында  ашық сабақ көрсетті. Мукажанова  М.К «Матамен жұмыс» , Канапина.А.А  «Түйме-шашақ жасау» ашық сабақтарын көрсетті. Семинар жоғары деңгейде өткендіктен «өте жақсы» деп  бағаланды. Мамыр айында 3-деңгей Кэмбридж бағдарламасы бойынша  жұмыстарының іске асырылуын орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Кабдыракова А. Б қала мұғалімдеріне арналған  «Юмор в литературе» (7а сынып) ашық сабағында көрсете білді.Семинарға қатысқан  Қалалық Білім беру бөлімінің әдіскері Н.А.Данилова, қала мектептерінің орыс тілі пән мұғалімдері ашық сабақтың жоғары деңгейде өткендігі туралы пікірлерін білдірді.

2013-2014 оқу жылдарындағы қалалық КЭС-те бекітіліп,қала мұғалімдеріне пайдалануға ұсынылған  мұғалімдердің авторлық бағдарламалары:

  1. Касенова Г.Т,Чултукова Ж.С. « 5-9 сыныптарда функционалды математика»
  2. А.К.Капашева, Д.Д.Бапаева «Шығысым – шырайлы мекенім!» аймақтану курсы
  3. Динахметова Г.А ,Мукажанова М.К. «Ойлайық та, ойнайық!»
  4. Охина М.Ж. Химиядан есептер шығару тәсілдері
  5. Шаймарданова Г.С. «Назарбаевтану»
  6. Халелова  А.О. «Жыраулар поэзиясын оқыту мәселелері»
  7. Хайруллина А.Р «Развитие функциональной грамотности учащихся в условиях поликультурного образования»

№45 бейімделген мектеп  мұғалімдерінің   біліктілік көрсеткіші:

 

Жоғары санат

 

Бірінші  санатты

 

Екінші  санатты

 

Санаты жоқ

 

14

 

18

 

22

 

13

2013- 2014 оқу жылында мұғалімдердің кәсіби біліктілігі мен әдістемелік шеберлігін анықтау,ынталандыру мақсатында жүргізілген рейтинг қорытындысы шығарылды. Нәтижесінде: І орын- Мукажанова М.К,ІІ орын- Рамазанова Г.Н,ІІІ орын- Тұрысбекова Ғ.З,ІV орын-Кадирова З.К,Магзумова К.А,Темиргалиева А.К

«Ең үздік әдістемелік комиссия» сайысының қорытындысы бойынша :1 орын – Бастауыш сынып ӘК- жетекшісі  Дусупова С.С,2 орын- Қазақ тілі ӘК- жетекшісі Мадыева С.С,3 орын- Орыс тілі ӘК- жетекшісі Кабдракова А.Б

«Жас мамандар» мектебінің жұмысының  қорытындысы бойынша: «Белсенді жас маман» номинациясы- Унасов С.А- технология пәнінің мұғалімі,«Өнерлі жас маман» номинациясы – Азатбек Орынбек- музыка пәнінің мұғалімі,«Үздік үйірме жетекшісі» номинациясы – Амантай Сұлтан- дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

Соңғы 3 жылдың рейтинг  қорытындысын  кестеден көруге болады:

 

Оқу жылдары

 

І орын

 

ІІ орын

 

ІІІ орын

 

ІVорын

 

2011- 2012

 

Б.Ойрат

 

Халелова А.О

 

Мадыева С.С,Дукембаева Б.О,Мукажанова М.К,Канапина А.А

 

 

 

2012- 2013

 

Халелова А.О

 

Турысбекова Г.З,Дукембаева Б.О

 

Мадыева С.С,Б.Ойрат,Икласова Ш.М

 

 

 

2013-2014

 

Мукажанова М.К

 

Рамазанова Г.Н

 

Турысбекова Ғ.З

 

Кадирова З.К,Темиргалиева А.К,Магзумова К.А

Пән бірлестігі жетекшілерінің шығармашылығы, ұйымдастырушылық қабілеті көрінісін,ұстаздардың әдістемелік жұмыстарға қатысуын бақылау арқылы «Ең үздік жыл әдістемелік комиссиясы » сайысының қорытындысы шығарылды.І орын – бастауыш ӘК (жетекшісі-Дусупова С.С), ІІ орын-қазақ тілі және әдебиеті ӘК(жет.Мадыева С.С) ІІІ орын- орыс тілі және әдебиеті ӘК(жетекшісі – Кабдракова А.Б),

2013 – 2014 оқу жылында қалалық деңгейде өткен олимпиада, ғылыми жобаға оқушыларды жоғары деңгейде  дайынған келесі мұғалімдеролимпиада жүлдегерлерін дайындағандар– тарих және құқық пәнінен Шаймарданова Г.С (қала 1,2,4 орындар,облыс-сертификат) ,Аймухамбетова Г.Г(1 орын),Мадыева С.С(3 орын),Нурмухамбетова А.С (3 орын),Халелова А.О(3 орын),Чултукова Ж.С (2 орын),Кадирова З.К (3,4 орындар).

«Зерде» ғылыми жоба жүлдегерлерін дайындағандар –Дукембаева Б.О(2 орын),Аманбаева А.М (1 орын),Бапаева Д.Д(1 орындар), Канапина А.А(2орын),Кусманова Л.М(4орын),Мукажанова М.К (номинация), 

9-11 сыныптар бойынша ҒПК жүлдегерлерін дайындаған мұғалімдер:

Шаймарданова Г.С (2 орын),Кенжебаева А.Т(1,4орындар),Дукембаева Б.О(3 оын).

«Дарын»орталығының ұйымдастыруымен өткен интеллектуалды сайыстардың нәтижесі:

Дарынды оқушылардың жұмысын жетілдіру мақсатында Нұржанова Г.Қ. 11б сынып оқушысы Мамырбеков Ернар ШҚМУ-да өткен «Мен журналистпін» сайысына қатысып, Білім грантының сертификатын иеленді.

Халелова А.О. оқушылары «Жарқын болашақ» пән олимпиадасына қатысып 1-орын, облыстан 2-орынды иеленді.

Облыстық   интеллектуалдық  «Малахит» конкурсына бастауыш сыныптан 75 бала қатысып, 28 оқушы жүлделі орынға ие болды. Облыстық «Ақбота» сайысында 4 сынып оқушыларының 3-і 3 орынды иеленді,пән мұғалімдері- Рамазанова Г.Н,Темиргалиева А.К.облыстық қазақ тілі пәні бойынша «Айналайын» интеллектуалды сайысының жүлдегерлерін дайындаған мұғалімдер: Халелова А.О – (3 ор.),Раисова Н.М – (3ор.);

Мұғалімдердің кәсіби сайыстарға,ғылыми-практикалық конференцияларға   қатысуы,іс- тәжірибелерінің таратылуы.

Педагогикалық ұжым мүшелері жыл көлемінде қалалық, мектепішілік  іс-шараларға, өзара сабаққа қатысып іс-тәжірибе алмасып отырды. 2013-2014 оқу жылында қалалық кәсіби сайыстарға қатысу нәтижесінде «Жыл мұғалімі-2014» сайысында бастауыш сынып мұғалімі Мукажанова М.К - 3орын, «Ең үздік мектепалды даярлық тобы жетекшісі-2014» сайысында Тұрғанбаева Ж.Т - 2 орын, «Ең үздік сынып жетекші -2014» сайысында Халелова А.О-  3орын, «Ең үздік әдістемелік комиссия жетекшісі» сайысында Мадыева С.С - «Құзыретті басшы» номинациясын, «Жыл тәлімгері -2014» сайысында Буралхиева М.М бас жүлдені иеленді. Қалалық қазақ тілі мұғалімдерінің  «Инновациялық сабақ»  сайысына Халелова А.О қатысып іс-тәжірибесін қала мектептері мұғалімдеріне таратты. «Ұлағатты ұстаз»  атты ІІІ Республикалық  оқытушылар сайысында І орынды иеленген мұғалімдер: қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі-  Нұржанова Г.Қ,информатика пәні мұғалімі- Серикбаева А.Е,ағылшын тілі мұғалімі - Кабдуалиева А.К,физика пәні мұғалімі- Кадирова З.К, ІІ орын алып дипломмен марапатталған : қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Раисова Н.М.