Приветствую Вас, Гость

Мектеп - білім бесігі

«№ 45 бейімделген орта мектебі» Мемлекеттік мекемесі 1976 жылы салынған Өскемен қаласы, Сатпаев даңғылы 3/1 ғимаратында орналасқан. Өскемен қаласының білім беру және спорт бөлімінің №455-Ө, 15. 09. 2005 жылғы бұйрығымен 2005-2006 оқу жылында мемлекеттік жалпы білімді қазақ тілінде беретін мектеп болып қайта құрылып, №44 қазақ орта мектеп-лицейінен 550 оқушы мен 34 мұғалімнің бөлініп келуімен 2005 жылғы    1- қыркүйек күні ашылды.

                     

                               Мектептің алғашқы ашылу сәтінен  

       

                            Алғашқы қоңырау соғу салтанаты

25 тамыз 2005 жылдан қалалық білім беру бөлімінің №197 – П бұйрығымен зиялы, зерделі, адал, түсінерлігі мол, беделді, терең ойлы, әдепті, кез-келген ортамен қарым-қатынасқа түсе білетін, қызығушылығы жоғары, іс-әрекетке деген позитивтік көзқарасы бар, шешімді тез қабылдайтын, әзілқой,  басқаны тыңдай алатын, энтузиаст, бүгінгі таңдағы менеджердің барлық қасиетін бойына сіңірген Тлеукенов Оралхан Рақымжанұлы мектеп директоры болып тағайындалды.

 

Оралхан Рақымжанұлының адам ресурстарын басқарудағы принциптері

  • Тұлғаны құрметтеу.
  • Жұмыс бастылыққа кепілдік беру.
  • Қызмет сатысымен  көтерілуге және қызметкердің өзін-өзі дамытуына мүмкіндік беру.
  • Қызметкерлермен қарым – қатынаста  әділетті болу, марапаттау жүйесін құрастыру.
  • Қызметкерлердің сұраныстарын қабылдау және олардың жұмыстан күтілетін нәтижесінің болуына жағдай жасау.
  • Жақсы жұмыс ортасын туғызу.
  • Жұмыс бастылық шарттарының заңы мен нормативтерін  бұлжытпай орындау.
  • Ұйымның жұмыс істеудегі демократиялылығының болуы.